24 қар, 2020 сағат 07:05

Елімізде 650 бала коронавирустан емделіп жатыр

Коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты 24 қарашадағы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 11 218 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 650 бала бар. Стационарларда 3 289 науқас жатыр. 7 929 адам амбулаторияда емделіп жүр. 

Жалпы науқастардың арасында 211 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 28 науқастың жағдайы өте ауыр. 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.