25 қар, 2019 сағат 12:34

Назарбаев нұр-отандықтарға Тоқаевтың айналасына бірігуді тапсырды

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы өңірлік филиалдар өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізді, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

«Елбасы өз сөзінде партия өкілдеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айналасында жиналу керек екенін айтты. Саяси бағыт-бағдардың сабақтастығы сақталуы керек деді»  деп жазды Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президенті ретінде өкілеттігін тоқтатқан соң Nur Otan партиясының төрағасы болып қалды.

Елбасы қазан айында партия депутаттарының жұмысын сынға алған болатын. Ол депутаттардың соңғы айларда бірде-бір қоғамдық резонанс тудырған мәселеге қатысты пікір білдірмегенін айтты. Бұған дейін Назарбаев Үкімет мүшелері, Nur Otan мен мәжілістегі партия фракциясына Мәжіліс сайлауына жаңа сайлауалды бағдарлама әзірлеуді тапсырды.