Елбасы бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" elbasy.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Елбасы Ұлттық мүдделер орталығының президенті, «The National Interest» журналының баспагері Дмитрий Саймспен кездесті.
Кездесу барысында тараптар жаһандық күн тәртібіне қатысты пікір алмасты, сондай-ақ әлемнің жетекші державалары арасындағы диалогты жолға қою жөніндегі шараларды талқылады.
Елбасы АҚШ-Ресей қатынастарының сарапшысы ретінде Дмитрий Саймстың «Астана клубының» жұмысына қатысуының маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық Комиссияның бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен кездесті.
Кездесу барысында Елбасы Жозе Мануэль Баррозуға «Астана клубының» жұмысына қатысқаны үшін алғысын білдірді.
«Біздің достығымыз бұрыннан бері жалғасуда. Сіздің Еуропалық Комиссияға төрағалығыңыз кезінде біз кеңейтілген серіктестік туралы келісімге қол қойдық. Өзіңізге белгілі, мен Еуразиялық экономикалық одақтың құрметті төрағасымын. Енді біздің ұйымымыз бен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты жолға қою маңызды», - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Өз кезегінде Жозе Маннуэль Баррозу Қазақстанның Еуропа елдерімен серіктестігін қол жеткізілген келісім аясында одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.