05 шіл, 2022 сағат 18:33

Экс-министр Біртанов Тоқаевтан көмек сұрады

© Sputnik / Владислав Воднев

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елордадағы кезекті сот отырысы кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өз ісінің әділ қаралуын қамтамасыз ету туралы өтініш білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сарыарқа аудандық сотында өткен отырыста Біртановтың қорғаушылары барлық фактіні объективті зерттеу үшін істі қосымша тергеуге қайтару туралы өтініш жасады. Сондай-ақ, адвокаттар бұл істі алаяқтық ісімен біріктіру мүмкін еместігін атап өтті.

"Мен адвокаттарымның өтінішіне қосыламын. Құрметті сот, өтінішті қанағаттандыруды сұраймын. Бұл тек Заңның талабына ғана емес, сонымен бірге әділеттілік қағидаттарына да сәйкес келеді. Сот отырысына отандық және шетелдік БАҚ өкілдерінің қатысып отырғанын пайдалана отырып, президент Қасым-Жомарт Кемелұлына Бас прокуратураның бүркемелеуімен сотқа дейінгі тергеу органы, қаржы мониторингі агенттігі жасап жатқан заңсыздықты тоқтату туралы өтінішпен жүгінгім келеді. Бұл заңсыздық", - деді Біртанов.

Ол үш фактіні атады. Біріншіден, оның айтуынша, бір істі екіге бөлу заңды бұзу болып табылады.

"Құрметті айыптау, егер орындамау және төлем фактісі сот-техникалық, экономикалық сараптамамен дәлелденсе, егер барлық факті анық болса, неге "Эриксонға" қарсы іс әлі де тергеліп жатыр? Неге олар сыбайлас ретінде қарастырылмайды? Мұның бір ғана себебі бар - Эриксонға және олардың техникалық сарапшыларына қарсы бірде-бір техникалық сараптама төтеп бере алмайтынын түсініп, жұмыс орындалмағанын дәлелдей алмайтынын түсініп, оларды жеке іс ретінде бөлді", - деп түсіндірді ол.

Екінші факт - Біртанов алаяқтық ісі осы уақыт ішінде қарқынды түрде жасырылғанын атады. Бұл, Біртановтың пікірінше, "Эриксон" өкілдері не болып жатқанын білмеуі үшін жасалды.

Үшінші факт, ол қаржы мониторингі агенттігі Эриксонның қызметкерлеріне қарсы қылмыстық іс жоқ деп мәлімдеді. Біртанов АФМ қызметкері сыртқы істер министрлігін, шетелдік компанияларды жаңылыстырғанын атап өтті. Себебі факті бойынша қызметкерлер тергеу жүргізіп жатыр.

"Сізден сыртқы істер министрлігіне тиісті сұрау жолдауыңызды және осы құжаттарды осы жерде ұсынуды сұраймын. Егер қаржы мониторингі агенттігі осы құжаттарда көрініп тұрғандай, "Эриксон Никола Тесла" қылмыс жасады деп санамаса, демек, олардың тарапынан орындалмаған жұмыстар болған жоқ. Онда біз мұнда не істеп жатырмыз?"- деді Елжан Біртанов.