«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Атап айтқанда, 2 мамырда Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
2 мамырда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші жекелеген аумақта 15-20 м/с артады.
2-3 мамырда Қарағанды облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді. Түнде 3 мамырда кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік сақталады.
2 мамырда Павлодар облысында түнде кей жерлерде 1-3 градус үсік күтіледі.
2 мамырда Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с дейін артуы ықтимал.
2 мамырда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
2 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде жекелеген аумақтарда күші 23-28 м/с жетеді.
Сондай-ақ «Қазгидрометтің» мәліметінше, 2 мамыр күні жекелеген өңірде нөсерлі жаңбырға байланысты Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары және Алматы қаласы маңындағы тау бөктерлерінде ағынды судың қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.