Нұр-Сұлтан мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясы бойынша бұрынғы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы төрағасы Медет Құмарғалиев 2 ай мерзімге қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"2022 жылдың 27 қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А.А. Пірімқұловқа, М.Қ. Құмарғалиевке қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады", - делінген хабарламада.
Соталды тергеп-тексерудің өзге деректері Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.