30 сәу, 2021 сағат 10:30

Екі өңір "қызыл" аймақтан шықты


ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия коронавирус бойынша еліміз өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

30 сәуірдегі мәлімет бойынша: 

«Қызыл аймақта» – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары орналасқан. 

«Сары аймақта» – Шымкент қаласы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Алматы, Маңғыстау, Жамбыл облыстары тұр. 

«Жасыл аймаққа» – Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары енген.

Айта кетейік, 29 сәуірде коронавирус ахуалын бағалау матрицасында Шымкент қаласы мен Ақтөбе облысы «қызыл» аймақта тұрған болатын.