08 шіл, 2022 сағат 13:05

Дипломмен еркіндікке!


ЕЦ-166/10 мекемесінің сотталғандарына асыға күткен кәсіптік білімі туралы диплом табыс етілді. 

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департментіне қарасты ЕЦ-166/10 мекемесіндегі сотталғандар газ-электрмен дәнекерлеуші және тігінші мамандығы бойынша білім ала-алады. Сотталғандар кәсіптік оқыту бойынша міндеттерді орындау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің құрылыс-техникалық колледжінде білім алды. 

Олар алдымен дәнекерлеудің теориялық материалын, технологиясын және техникасын меңгереді, электр жабдықтарын, тігу дәрежелерін, қауіпсіздік техникасын зерделейді, содан кейін практикалық сабақтарға кіріседі. 

Сотталғандар бұл мамандыққа қызығушылық танытты. Өйткені бұл мамандықтар түзету мекемесінде де, одан тыс жерлерде де сұранысқа ие. Сонымен қатар, орта кәсіптік білім алуға және кәсіптік оқуға деген оң көзқарас сотталған адамның түзелу дәрежесін айқындау кезінде ескеріледі. 

Жоғарыда аталған мамандықтарды игере отырып, сотталғандар жазасын өтегеннен кейін жұмыс істей алады, өйткені сотталғандардың дені бұрын жүргізуші, такси жүргізушілері, курьерлер, экспедиторлар сот шешіміне сәйкес өмір бойы жүргізуші құқығынан айырылғандар.

Іс-шара соңында, ЕЦ-166/10 мекемесі бастығының жалпы сұрақтары бойынша орынбасарының міндетін атқарушы әділет майоры Арман Тойлыбайұлы Шаришев Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің құрылыс-техникалық колледжі басшылығына өзара ынтымақтастықта іс-қимыл жасағаны үшін, сондай-ақ сотталғандарға оқу мүмкіндігі үшін алғысын білдірді.