03 ақп, 2022 сағат 17:02

"Дикий Арманның" адвокаттары шұғыл мәлімдеме жасады


Алматыда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған Арман Жұмагелдиевпен адвокаты кездесті, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Кездесу Алматы ҰҚКД тергеу изоляторында өтті, ол жаққа оны 2 ақпанға қараған түні ауыстырған.

Адвокат Талғат Сафаров Арман Жұмагелдиевтің "адам төзгісіз жағдайда" отырғанын жеткізді.

"ҰҚКД тергеу изоляторына түскен Арман Жұмагелдиев іске қатысы жоқтығын дәлелдеу үшін шынайы айғақтар келтіре бастағаннан кейін оны адам төзгісіз жағдайда ұстап отыр", - деді "Дикий Арманның" адвокаттарының бірі Виктор Кривоносов.

Оның айтуынша, күдікті отырған жағдайды "азаптауға теңестіруге болады".

"Алматы полициясындағы изоляторға қатысты ешқандай кінәрат артпаймыз: Жұмагелдиев ауырып, дәрі қабылдады – мидың шайқалуы диагнозы қойылған. ҰҚКД изоляторына жеткізілгеннен кейін ол карцер түріндегі камераға орналастырылды, ол жерде киіммен ұйықтауға мәжбүр болды. Салқын тигізді. Камера іші тар. Бұл қандай да бір құқық бұзушылық жасағандарды отырғызатын камера", - деді Кривоносов.

Адвокаттар әріптесінің Жұмагелдиевті қалыпты камераға ауыстыру туралы изолятор бастығына өтінішпен хабарласқанын жеткізді.

"Ол куәлік етуге келісті. Содан кейін ол бірден ҰҚКД изоляторына жеткізілді", - деді Кривоносов. "Адамды суық камераға орналастыруға не себеп болды? Куәлік етпеуі үшін жасалып жатыр ма? Бұл тікелей әсер ету. Бұған жол беруге болмайды деп санаймыз", - деді Кривоносов.

Адвокаттар Жұмагелдиевті полиция тергеу изоляторынан ҰҚКД тергеу изоляторына неге көшіргенін білмейді. Олар Дикий Арманның бастапқыды бір адамдық камерада отырғанын, оған қатысты ешқандай арызы болмағанын айтты.

"Адамды осындай жағдайға ауыстыру ол куәлік ететін болса, жағдайы нашарлай береді дегенді білдіре ме?", дейді олар.

Адвокаттар Жұмагелдиевтің өзіне қол жұмсау туралы ойы жоқ екенін, "өз құқығын барлық заңды жолмен қорғайтынын" жеткізді.

Еске салсақ, 7 қаңтарда "Дикий Арман" бастаған алты адам Алматы полиция департаментінің арнайы операциясы барысында ұсталды. Күдіктілерден маркасы мен калибрі әртүрлі төрт жартылай автомат тапанша, оқ-дәрі, суық қару мен брондалған автокөлік тәркіленді.

Құқық қоорғаушылардың мәліметінше, ұстау кезінде күдіктілер қарсылық көрсеткен.

Оның адвокаты Евгений Яворский өз клиентіне қатысты Қазақстан Бас прокуратурасының басшылығымен ведомствоаралық тергеу-жедел тобы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 272-бабының бірінші бөлігі бойынша 2022 жылдың 1-10 қаңтары аралығында Қазақстан Республикасының аумағында болған жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

Сот шешімімен ол тергеу кезінде екі ай мерзімге қамауға алынды.