Бүгін Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Нұр-Сұлтан қаласындағы № 9 емхана базасында Қазақстанда әзірленіп, жасалған QAZVAC коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны салдырды. Бұл туралы аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Хаттамаға сәйкес, М. Шоранов медициналық тексеруден өтіп, дәрігердің қорытындысынан кейін егу кабинетіне барды. Ресейлік «Спутник V» вакцинасынан айырмашылығы, бір QAZVAC құтысы бір адамға арналған.
Екпе алғаннан кейін Денсаулық сақтау вице-министрі 30 минут медициналық бақылауда болды.
«Бүгіннен бастап қазақстандық вакцинаны біздің азаматтарымыз салдыра алады. 50 мың дозалық бірінші партиясы өңірлерге жөнелтілді. Өздеріңіз білетіндей, бұрын менің әріптестерім Ажар Ғиният пен Ерлан Қиясов Спутник V вакцинасын бірінші болып салдырған, бүгін біз Денсаулық сақтау министрі Алексей Владимировичпен бірге азаматтарға препараттың қауіпсіз екенін көрсету үшін отандық өндірістің вакцинасын алдық», - деп атап өтті М.Шоранов.