ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Хабар» телеарнасының «Ашық диалог» жобасы аясында өткен аптаның ең көп талқыланған мәселелеріне қатысты өз пікірін білдірді. Мекеме басшысы қазақ тіліне қатысты мәселелерді жариялау аясындағы отандық БАҚ-тың позициясына таң қалатынын айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақ тілі мен қазақ әдебиетіне қатысты барлық дүниелер әрдайым өткір болмақ. Білім және ғылым министрлігі барынша толық түсініктеме берді. Олар, керісінше, сынақ тапсырудағы қазақ тілінің рөлін күшейтті. Әзірге БҒМ ҰБТ-ны екіге бөлді: мектептегі бітіру емтихандары және ЖОО-ға түсу емтихандары. Мектеп бітіру емтихандарында қазақ тілі қалды және ол аттестатқа ықпал ететін болады. Мектеп бітірушілердің саны университетке түсетіндер санынан әлдеқайда көп, сондықтан қазақ тілінің мәртебесі өседі», - деді министр.
Өткен аптадағы барлық ақпараттар ағынынан Дәурен Абаев алматылық Вячеслав Поповтың мәлімдемесін ерекше атап өтті. В.Попов Фейсбуктағы парақшасында жарты жылда қазақ тілін үйреніп алуға ниетті екенін жазды.
«Мен жеке өзім үшін Вячеслав Поповтың қазақ тілін үйрену туралы мәлімдемесін түртіп алдым. Бұл ұмтылысты үнемі бақылайтын боламын. Біздің қоғамда қазақ тілі оқытылмай жатыр деген мәселе қызу талқыға түседі, бірақ азаматтардың қазақ тілін өз бетінше үйренуге жасаған ұмтылыстары көлеңкеде қала береді. Ақпарат және коммуникациялар министрі ретінде мені бұл мәселе таңғалдырды», - деді министр.