«Караван» газеті 1 қыркүйектен бастап баспа нұсқасында шығуын тоқтатады. Дегенмен басылымның сайты бұрынғыдай жұмысын жалғастыра бермек. Бұл туралы Forbes журналы хабарлады, деп жазады Orda.kz порталы.
Газеттің бас редакторы Игорь Шахнович журналдың баспа нұсқасының тоқтатылғанын растады.
– Газет рентабельді емес. Сайт қандай режимде жұмыс істесе, сол режимде жұмыс істейтін болады. Біз оны дамытуымыз мүмкін. Бірақ менсіз, мен кетемін. Сайтты Леонид Юрьев басқарды, ол [бас редактор] болып қала береді, – деді Шахнович.
«Караван» — 1991 жылы журналист және кәсіпкер Борис Гиллер ашқан Қазақстандағы алғашқы апталық коммерциялық газет. Қазіргі уақытта құрылтайшысы – Нұрсұлтан Назарбаев қоры құрған «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС. Қордың директоры – Дариға Назарбаева.