12 сәу, 2022 сағат 10:25

Данияр Есин Қауіпсіздік кеңесіндегі қызметінен босатылды


Данияр Есин Қауіпсіздік кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімі бойынша Данияр Нұрашұлы Есин Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымынан босатылды", - делінген Жарлықта.

Данияр Есин 1981 жылы Қарағанды облысында туған. ҚР Қаржы полициясы академиясын, Қазақстан-Ресей университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және  мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. 

Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. Түрлі жылдары Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасында жұмыс істеді: басшының орынбасары, басшы лауазымдарында болды.  2016-2018 жылдары - Астана қаласының Дін істері басқармасының басшысы. 2018 жылдың наурыз айынан Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасын басқарған.

Данияр Есин 2019 жылы маусымда ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалған. 2020 жылы маусымда бұл қызметінен босатылған.