22 мам, 2021 сағат 11:00

COVID-19: Жеті өңір «қызыл аймақта»


Коронавирус жағдайына қатысты Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

22 мамырдағы жағдай бойынша, «қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстары. 

«Сары аймақта»: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Қостанай және Павлодар облыстары.

«Жасыл аймақта»: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.