03 мам, 2021 сағат 11:40

COVID-19: Тағы екі өңір «қызыл аймаққа» кірді


Коронавирусқа қатысты өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

3 мамырдағы мәлімет бойынша:

«Қызыл аймақта» – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар, Жамбыл, облыстары орналасқан. 

«Сары аймақта» – Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Алматы облыстары тұр. 

«Жасыл аймаққа» – Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары енген. 

Еске салсақ, Шымкент қаласы 28 сәуірде «қызыл аймаққа» кіріп, кейін «сарыға» ауысқан еді. 

Сонымен қатар кеше ғана «сары» аймақта болған Жамбыл облысы «қызылға» өтті.