13 шіл, 2022 сағат 16:18

COVID-19 пандемиясы әлі аяқталмады - Гебрейесус

Фото: REUTERS

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирус пандемиясы әлі де аяқталмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы Xinhua агенттігіне сілтеме жасап.

Ұйым Еуропа елдеріне қарт адамдарға, иммунитеті әлсіз адамдар мен аяғы ауыр әйелдерге, сонымен қатар, медициналық мекемеде жұмыс істейтіндерге вакцинаның үшінші дозасын салуды ұсынды. 

"Вирустың жаңа толқыны жүріп жатыр, пандемия әлі аяқталмады және вирус еркін тарап жатыр", - дейді Гебрейесус. 

ДДСҰ денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының атқарушы директоры Майкл Райанның айтуынша, коронавирустың өршуі "омикрон" BA.4 және BA.5 нұсқаларымен, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау шаралары мен әлеуметтік шараларды алып тастауымен байланысты.

"COVID-19 жағдайының көбеюіне алаңдап отырмын, бұл денсаулық сақтау жүйесі мен медицина қызметкерлеріне жүк түсіріп отыр. Сонымен қатар, адам өлімі көбейгеніне алаңдап отырмыз", - дейді Райан.