Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы 11 желтоқсандағы Қазақстан облыстарының эпидемиологиялық ахуалын бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бағалау матрицасы кешегі көрсеткіштен өзгерген жоқ. Яғни орталықтың бағалауынша Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар облысы сол күйі «қызыл» аймақта тұр. Ал сары аймақта Алматы қаласы, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстары бар. Қалған өңірлердің бәрі де жасыл аймақта.
10 желтоқсанда жалпы бүкіл Қазақстан аумағын бағалау матрицасы «сары» мен «жасыл» аймақтың дәл ортасына орналастырған болатын. Ал бүгін бағалау көрсеткіші ол шектен шығып, Қазақстанның «жасыл» аймаққа өткенін хабарлайды.