01 мам, 2021 сағат 11:52

COVID-19: «Қызыл» аймақта екі қала мен алты облыс тұр


ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия коронавирусқа қатысты өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

1 мамырдағы мәлімет бойынша:

«Қызыл» аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары орналасқан.

«Сары» аймақта – Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл облыстары тұр.

«Жасыл» аймаққа – Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары енген.