09 жел, 2020 сағат 08:23

COVID-19: Еліміздің екі өңірі «қызыл» аймақта

Еліміздің Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облысында коронавирустың таралуы жоғары. Сондықтан бұл өңірлер «қызыл» аймақта жатыр, хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық қоғамдық денсаулықты сақтау орталығының дерегіне сәйкес, бұған дейін «қызыл» аймақта болған Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында ахуал біршама тұрақталды. Бұл өңірлер «қызылдан» «сары» аймаққа өтті. Сонымен қатар «сары» аймақта Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары және Атырау облысы бар. Еліміздің қалған барлық өңірі «жасыл» аймақта. 

«Қызыл» аймақта қатаң шектеу шаралары енгізілген. Ал «сары» аймақта қолданыстағы карантин шаралары сақталып, оларды бақылау күшейтіледі. «Жасыл» аймақтағы өңірлер үшін шектеу шаралары жеңлдетілуі мүмкін.