Өткен жылы жол қозғалысы ережесін бұзудың 2,6 миллион фактісі бейнекамера арқылы анықталды. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрлігінің Facebook-парақшасында өткен тікелей эфирде айтылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Өткен жылы 5 жарым мыңнан астам қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу электрондық форматта жүргізілді. Сотталғандарды ұстау жағдайлары жақсарды. Туыстарымен бейнекездесу, интернет-дүкендерден жекелеген тауарларға тапсырыстар енгізілді, басқа инстанцияларға электрондық өтініштер беру үшін терминалдар орнатылды», - дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.
Оның айтуынша, елдегі әрбір екінші жол-көлік оқиғасы бейнекамера арқылы анықталған.
«Мысалы, өткен жылы 2,6 миллион жол қозғалысы ережесін бұзушылық бейнекамера арқылы анықталды. Азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету үшін министрлік биыл іске асыратын басқа пилоттық жобалардың ішінде баланың орналасқан жерін бақылауға мүмкіндік беретін «Мені тап« балалар қауіпсіздігі жүйесі бар. Сондай-ақ, көшедегі Жедел шақыру «SОS түймесі» - оны басқан кезде құқық бұзушылық туралы хабарлауға немесе полицияға көмекке жүгінуге болады», - дейді ол.