10 ақп, 2023 сағат 18:02

Экс-министр Біртановқа қатысты үкім өзгеріссіз қалды

© Sputnik / Владислав Воднев

Астанада бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты үкім өзгеріссіз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Апелляциялық шағым үкімді өзгеріссіз қалдырды.

"Сот алқасы қаулы етті: Астана Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының 2022 жылғы 28 қазандағы Елжан Біртанов, Олжас Әбішевке қатысты үкімі өзгеріссіз қалдырылды. Қорғаушылар мен сотталғандардың апелляциялық шағымдары қанағаттандырылған жоқ. Шешім жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді", - деді Апелляциялық кеңес төрағасы.

Еске салайық, бұған дейін сот Біртановты бес жылға және Әбішевті төрт жылға бас бостандығынан айырған болатын.