Полиция Бурабайдағы балалар лагерінде 11 жасар баланың жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырауы бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«НеМолчи.kz» қоғамдық қорының президенті Дина Таңсәрінің айтуынша, қорға 11 жасар баланың ата-анасы шағымданған. Олардың сөзінше, ұлдарына 2011 және 2008 жылдары туған екі бала жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.
«Онымен қоймай, киімін, шалбарын, іш киімін шешіп, мазақ еткен. Бұл жаға ұстатар сұмдық жағдай басшылығы балалардың қауіпсіздігіне кепілдік берген балалар лагерінде болған! Бұл жағдайды ести сала аға тәрбиеші зардап шеккен баланы зорлық көрсеткен балалармен татуластыруға, шу шығармауға көндіруге кіріскен. Дегенмен баланың ата-анасы кініләлерді заң бойынша жазалауды талап етіп отыр», - деп жазды Дина Таңсәрі.
Ақмола облыстық полиция департаменті “Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерге мәжбүр ету” бабы бойынша қылмыстық істі тергеуде.