"Бүкіл әлем бізге қарсы". Полковник Ресей әскерінің "әлсіздігін" мойындады
Отставкадағы полковник және әскери сарапшы Михаил Ходаренко "Россия-1" телеарнасындағы "60 минут" бағдарламасында Ресейдің Украинадағы "арнайы операциясына" күмәнмен қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Meduza сайтына сілтеме жасап.
Бағдарламаның тұрақты қонағы ресейлік әскер үшін Украинадағы жағдай нашарлай беретінін және "ол жағдайдан шығу керегін" айтады.
Сарапшы Украинадағы жұмылдыру және Киевке заманауи қару-жарақ жеткізуге байланысты алаңдаушылық білдірді.
"Жалпы стратегиялық жағдай бойынша, Украинаның қарулы күші бір миллион адамға қару ұстата алады... Америкалық ленд-лиз бен еуропалық көмек жұмыс істей бастаса, миллион украиналық әскери сарбаз болады. Ал біз оны жедел-стратегиялық есептеулерде және бұл жоспар бойынша жағдай ушыға бастайтынын ескеруіміз керек.
...Біз үшін ең басты кемшілік - біздің әскери-саяси жағдайымыз, геосаяси тұрғыда жалғыздығымыз, айтқымыз келмегенімен, бізге жалпы бүкіл әлем қарсы болып отыр... Бізге 42 ел коалициясы қарсы тұрғанда жағдайды жай қабылдауға болмайды, ал біздің әскери-саяси және әскери-техникалық мүмкіндігіміз дегенмен шектеулі. Ол жағдайдан қалай болсын шығуымыз керек", - деді Ходаренко.
Ходаренконың бұл мәлімдемесі Батыс және украиналық БАҚ-та қызу талқыға түсті:
Newsweek: Ресейліктер мемлекеттік телеарна арқылы Украинадағы соғыстағы жағдайлары мәз емес екенін біліп, таңғалды.
УНИАН: Полковник РФ капитуляциясын болжады, Скабеева ашулы.
The Telegraph: "Бізге бүкіл әлем қарсы": ресейлік полковник Кремльдегі әскери көлікке қарсы пікір айтты.