Батыс Қазақстан облысы тұрғынынан есірткі, тіркелмеген мылтық және оқ-дәрі табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Шыңғырлау ауданы полиция бөлімінің бастығы Сергей Астафьевтің мәлім еткеніндей, аталған қылмыс «Қару» жедел алдын алу шарасы барысында ашылды. Б. деген тұрғынның мекенжайынан санкцияланған тінту жүргізіліп, тіркелмеген 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, 73 дана оқ-дәрі және басқа оқ-дәрі жасауға арналған ыдыс-заттар табылды.
«Мекенжайдан мылтық пен оқ-дәріден басқа сараптама қорытындысына сәйкес 16,47 грамм кептірілген марихуана шықты», деді С.Астафьев.
Осы оқиға бойынша ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігіне және ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.