Батыс Қазақстан облысында жарты тоннаға жуық балық тиеп келе жатқан автокөлік ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға Ақжайық ауданы Чапаев ауылы маңында Орал-Атырау күре жолында болды.
«Бекіре» жедел алдын алу шарасы барысында 1986 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «Фольксваген Шаран» автокөлігі тоқтатылды.
Тексеріс барысында жүргізушінің тиісті құжатсыз табан балықты алып келе жатқаны анықталды. Полицейлер тәркілеген 480 кг балық «Каспий Урал» ЖШС-ына сақтауға жіберілді.
Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР ҚК 196-бабы 1-бөлігіне (көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктiиемдену немесе өткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.