Батыс Қазақстан облысында қожалық басшысы үш адамды құлдықта ұстап, малын бақтырып қойған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, аталған оқиға «Стоп трафик» жедел алдын алу шарасы барысында анықталған.
Жаңақала ауданында Х. деген 48 жастағы қожалық басшысы 28, 37 және 41 жастағы үш ер адамды қорқытып, «Майдан» қыстағында он күн бойы заңсыз ұстаған. 30 қазан мен 10 қараша аралығында малын бақтырып, жұмысын жасатқан.
Бұлардың үшеуі де – облыс тұрғындары.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 126-бабы 2-бөлігіне (бас бостандығынан заңсыз айыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.