Батыс Қазақстан облысында екі қожалық басшысы жалған мәліметпен мемлекеттік бағдарлама бойынша 3,1 миллион теңгеден астам қаржы алған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Жәнібек ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығында жүргізілген тексеріс барысында екі алаяқтық дерегі анықталды.
Атап айтқанда, 59 жастағы шаруа қожалығының басшысы 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында қызметкерлер туралы жалған мәлімет беріп, 1 млн 273,440 мың теңге алған.
Дәл осындай әдіспен 45 жастағы «Закария» ШҚ басшысы 1 млн 902,250 мың теңгеге қол жеткізген.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.