Батыс Қазақстан облысында алаяққа сенген тұрғын 1 млн теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Ақсай қаласында тұратын әйел 53 жастағы тұрғынға Whatsapp мессенджері арқылы ақшасын көбейтіп беремін деп, уәде берген.
Ақыры оның 1 млн теңгесін жымқырып кеткен.
«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында 35 жастағы әйел ұсталды. Одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.