© Photo : Pixabay / Free-Photos
Биыл Республика күні тойланады. Бұл туралы мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Вице-министрдің айтуынша, биыл ұлттық мейрамды тойлау үшін бюджеттен қосымша қаржы бөлудің қажеті жоқ.
"2022 жылға бөлінген бюджет қаражаты есебінен мерекелік шаралар өткізіледі. 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні бар, я болмаса, жыл ішіндегі шараларды Республика күні ұйымдастыру жоспарланып отыр. Негізгі мереке елордадағы "Астана Опера" театрында басталады", - деді Дәуешев Сенаттың жалпы отырысында.
Республика бойынша халықаралық шаралар да өткізіледі. Жақын арада 25 қазанда өтетін мерекелік шаралардың жосары әзірленеді.
Айта кетері, бүгін сенторлар Республика күнін қайтаруға арналған заңды қабылдады. Президент осы құжатқа қол қойғаннан кейін қазақстандықтар қайтадан 25 қазанды атап өтеді. Ол күні ресми демалыс болады.
2009 жылы бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 25 қазан – Республика күні ресми мерекелер тізімінен шығарылған болатын. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы 16 маусымда Ұлттық құрылтайдың отырысында бұрынғы мерекені қайтару қажеттігін мәлімдеді. Себебі дәл сол күні 1990 жылы Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды.