Фото: Orda.kz
Салтанат Нукенованы өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаевтың ата-ана құқықтарынан айырылу мәселесі апелляциялық тәртіпте қаралды, алдыңғы шешім күшінде қалды, деп хабарлайды Ult.kz.
Істі қайта қарау барысында сотталушының бұрынғы жұбайы Назым Қахарман да сөз сөйледі.
«Біздің өтінішіміз бар. Мәселенің мән-жайына келсек, бірінші сатыдағы сот шешімі бұзушылықтармен шығарылды. Құрметті сот, Бишімбаев ісі мен Салтанат Нукенованың қазасына бүкіл Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем куә болды.
Біз бұл мәселенің моральдық жағына тағы да назар аудартқымыз келеді: осындай адамгершілікке жатпайтын және өрескел қылмыс жасаған адам өзін әке деп санап, балаларға ықпал етіп, ата-ана бола ала ма? Біздің ойымызша, жауабы анық! Мұндай адам ешқандай жағдайда әке мәртебесіне ие бола алмайды.
Сот шешімінде балалардың пікірі мен ұстанымы көрсетілмеген. Сот марқұм Салтанат Нукенова балаларға жақын адам болғанын елемей отыр. Балалар сүйіспеншілікті паспорттағы мөрге байланысты сезінбейді. Сот формальды әрі қоғамға зиян шешім қабылдады.
Егер Салтанаттың неке куәлігі болса, Бишімбаев ата-ана құқықтарынан айырылатын еді. Бірақ ол жоқ болғандықтан, "ештеңе болған жоқ" дегендей қаралды», — деді Назым Қахарман.
Ол соттың балалардың пікірін елемегенін және олардың Бишімбаевты әке ретінде қабылдағысы келмейтінін тағы да атап өтті.