Елімізде 30 сәуірдегі вакцинациялаудың тәуліктегі қарқыны 109 мыңға дейін өсті және 1 сәуірдегі мәліметпен салыстырғанда 11 есеге ұлғайды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
«Халықты жаппай иммундау үшін еліміздің барлық емханалары мен ірі сауда орталықтарында 1400 вакцинация пункті ашылды, оның ішінде 300-і көшпелі. 11 мыңнан астам медицина қызметкері вакцинация науқанын өткізуге тартылды. Сәуір айының соңында 2,3 млн қазақстандық үшін вакцинацияға қолжетімділік қамтамасыз етілді. COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші дозасын ерікті негізде 1 293 379 адам және 266 457 адам вакцинаның екінші дозасын алды», делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, әлемдегі рейтингіге сәйкес Қазақстан 177 елдің ішінде 30 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирус инфекцияға қарсы вакцинацияланғандардың абсолютті саны бойынша 51 - орында тұр.
«Вакцинация қарқыны қазір азаматтардың өздерінің саналы көзқарасына, жақындарының денсаулығы мен жалпы иммунитеттің пайдасына олардың дұрыс таңдауына байланысты екенін атап өткен жөн.
Бұл ретте, вакцинация ерікті негізде жүзеге асырылады және ел тұрғындарының вакцинаның үш түрін (SputnikV, QazVac және HayatVax) таңдау мүмкіндігі бар», делінген хабарламада.
Министрліктің мәлімдеуінше, халық белсенділігінің осы қарқынын сақтау ай сайын шамамен 2 млн халықты вакцинациялаумен қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Қазақстанда қолданылатын вакциналар қауіпсіздік пен тиімділікке тексеруден өтті, сондықтан олар коронавирус инфекциясын жұқтыруға қарсы дәлелденген құрал. Бүгінгі таңда тек вакцинация елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік беретінін естен шығармау керек», делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта бүкіл әлемде короновирус инфекцияның таралуының күрт өсуі байқалады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистика деректеріне сәйкес 30 сәуірдегі жағдай бойынша COVID – 19 жұқтырудың 151 104 146 жағдайы тіркелді, оның ішінде 128 987 465 адам жазылды, 3 178 208 қайтыс болды, өлім-жітім көрсеткіші 2,1%.
Бір тәулік ішінде 879 586 жағдай тіркелген, коронавирус инфекциясымен ауыратындардың жалпы санының өсуі – 0,6%.
«Қазақстанда сырқаттанушылықтың өсуін тұрақтандыру үрдісі байқалады. Соңғы үш апта ішінде ауру орташа есеппен тәулігіне 2,6 мың жағдай деңгейінде. Халықты жаппай иммундау арқылы ұжымдық иммунитетке қол жеткізу – бұл шектеу шараларының жалғыз баламасы және әлемдегі пандемиямен күресудің тиімді әдісі», деді министрліктен.