13 жел, 2020 сағат 17:26

Білім саласы басты басымдық болып қала береді

«Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының аясында облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат Үмітбек Рысбеков Талас ауданының Қаратау қаласының тұрғыны, ардагер ұстаз Айдос Арғынбаевтың шаңырағында болды. Кездесу барысында Үмітбек Рысбеков Айдос Қадырәліұлына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлу, ұстаздардың әлеуметтік қамтамасыз етуге айрықша басымдық берілгенін айтты. 


- «Nur Otan» партиясы қашанда білім саласын назардан шет қалдырмайды. Мәселен партияның сайлауалды бағдарламасына сай алдағы 5 жылда өңірдегі үш ауысымды 9 мектептің, апаттық жағдайдағы 2 мектептің орнына жаңа ғимараттың құрылысы қолға алынып, 77 мектеп күрделі жөндеуден өтеді. Сонымен қатар қосымша білім беру ұйымдар желісін кеңейтуге көңіл бөлініп, 2023 жылы Тараз қаласында Оқушылар сарайы пайдалануға беріледі. 

Ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға басымдық беру де партияның жіті назарында. «Nur Otan»-ның ықпалымен 2025 жылға дейін ауылдарда орналасқан орта мектептер химия, биология, физика пәндеріне арналған 297 жаңа модификациялы кабинетпен жабдықталатын болады, – деді Ү.Рысбеков. 

Өз кезегінде, ардагер ұстаз  облыстық мәслихаттың депутаттығына «Nur Otan» партиясының атынан кандидаттың келтірген мысалдарын дәйекті екенін алға артып, елдің баянды болашағы үшін өзінің азаматтық белсенділігін танытуға дайын екенін жеткізді.  

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық Сайлау қорының қаражатынан төленді