Қазақстанның 5 қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеттері әшкереленді. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі Қазақстан Республикасының аумағында (Алматы, Шымкент, Қарағанды, Тараз және Қызылорда) заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеттерін әшкереледі.
Қылмыстық істі тергеу аяқталды. Күдіктілер (7 адам, оның ішінде біреуі Германия азаматы) ҚР ҚК-нің 262-б. 1,2-бөлігі, 307-б. 3-б. 1,2-тармақтары, 218-б. 3-б. 3-т., 422-б. 4-б. бойынша сотқа жіберілді.
Күдіктілердің қылмыстық әрекетінің табыс мөлшері 800 млн теңгеден асады.
Қылмыстық іс Қызылорда қаласы №2 сотының басты талқылауында қаралуда.