Бас прокурор Берік Асылов қаңтар оқиғасы бойынша терроризм актілері бойынша 46 қылмыстық іс тергеліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы 4 бағытты пысықтауда.
Бірінші. Ұйымдастыру және қатысу. Жаппай тәртіпсіздіктер бойыныша 44 қылмыстық іс тексеріліп жатыр. Ақтөбе және Жамбыл облыстарында 9 ұйымдастырушы қамауға алынды.
Олар тәртіпсіздіктерге, мемлекеттік және коммерциялық нысандарды қиратуға шақырды деген күдікке ілінді. Тәртіпсіздіктерге қатысушыларға қатысты 15 қылмыстық іс қозғалды. Осы істер бойынша 527 адам күдікті ретінде өтуде. 278 адам қамауға алынды», - деді Бас прокурор Мәжілістің жалып отырсында.
Сондай-ақ, ол жаппай тәртіпсіздік пен терроризм актілерінің айырмашылығы неде екенін түсіндірді.
«Екінші. Терроризм актілері бойынша 46 қылмыстық іс тергелуде. Барлық айыпталушылар бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
Бұл жерде жаппай тәртіпсіздік пен терроризм актілерінің айырмашылығы неде екенін түсіндіргім келеді. Тәртіпсіздіктер мен террористік шабуылдар кезінде зорлық-зомбылық, қирату, қарулы қарсылық орын алады. Бірақ тәртіпсіздіктер ретсіз, билікке ешқандай талаптар қойылмайды.
Өз кезегінде террористік актілердің мақсаты – халықты қорқыту және мемлекеттік органдардың қызметін әдейі тоқтату.
Билікке талаптар қойылады, стратегиялық объектілер, билік пен құқық қорғау органдары қару-жарақпен басып алынады немесе жойылады», - деді Берік Асылов.