Белгілі олигарх Тимур Турлов Ресей Федарациясының азаматтығынан бас тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сондай-ақ ол елшілік арқылы украиналықтарға көмек ретінде миллиард теңге аударған. Енді қиын жағдайда қалған көрші мемлекетке гуманитарлық көмек ретінде азық-түлік жіберуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, Тимур Турлов қазақстандық олигархтардың тізіміне енген болатын.
Ол - Америка Құрама Штаттарында және Қазақстанда тіркелген «Freedom Finance» АҚ еншілес ұйымы арқылы жұмыс істейтін Freedom Holding Corp. инвестициялық тобының негізін қалаушы және мажоритарлық акционері. Ол бүгінде «Bank Freedom Finance Kazakhstan» АҚ (бұрынғы Kassa Nova Bank) иелік етеді. Холдинг сонымен қатар Ресейде, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Украинада, Германияда және Кипрде жұмыс істейді.
Өткен жылдың көктемінде Турлов Forbes әлемдік миллиардерлер тізіміне 2 миллиард доллар байлығымен енген еді. Қазақстандық ең бай бизнесмендер тізімінде ол 7-ші орында.