«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов Гаага қаласында өткен бесінші Қазақстан-Голландия бизнес-форумына қатысты. Бизнес-форум ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Нидерланды Корольдігіне ресми сапары аясында өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бизнес-форумға ірі компаниялардың топ-менеджерлері, соның ішінде «Royal Dutch Shell» мұнай-газ компаниясы, «Farm Frites BV» агро компаниясы, «IKEA», «Bitfury» (Forbes 50 финтех-компаниясы тізіміне кірді), «SUEZ GROUP» (Еуропадағы ең ірі коммуналдық компаниялардың бірі), «Schneider Group» әлемдік консалтингтік компаниясы және басқалары бар.
Форумда сөз алған Айдар Әріпханов қатысушыларды құрамында 11 еншілес компаниясы бар «Бәйтерек» холдингінің қызметімен таныстырды. Олар кәсіпкерлерді инвестициялық кезеңнен бастап дайын өнімнің экспортын қолдауға дейін; сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудан кредитке кепілдік беруге дейін қолдаудың көптеген құралдарын ұсынады, сондай-ақ жобалық құжаттаманы дайындауға, жоба сараптамасына көмектеседі және серіктес табуға ықпал етеді.
Холдинг басшысы сонымен бірге Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тарту шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.