Биыл учаскелік инспекторлар арасында сыйбайлас жемқорлық деңгейі төмендеді. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз қызметінде учаскелік инспекторлар арасында сыйбайлас жемқорлық деңгейі полицияның басқап қызметтерімен салыстырғанда қаншалық жоғары екені сұралды.
«Ішкі істер министрлігі сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесін қатаң бақылауында ұстап отыр. Қазір қызметкерлерге айлықтарын көтеріп, тұрғын үймен қамтамасыз ету қадамдарын қолға алдық. Бұл мәселе де жемқорлықты жоюға көп әсер ететін факторлардың бірі. Ал учаскелік инспекторлар арасындағы нақты жағдайға келетін болсақ, өткен жылдары учаскелік полиция қызметкерлері жасаған сыбайлас жемқорлық жалпы қылмыс санының 8-10 пайызы болса, биыл 4 пайызды құрады. Жыл басынан учаскелік полиция инспекторы жасаған 3 факт тіркелді», - деді Мұрат Баймұқашев.