Қапшағай қалалық соты Бақытбек Есентаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Отырыста прокурор, істі болған Есентаев және оның адвокаты өтінішті қолдауды сұрады.
Хабарламада айтылғандай, жәбірленуші бұрынғы күйеуін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға келіскен.
"Жәбірленуші Баян Алагөзова мен оның өкілі Есентаевты мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға келісті. Есентаев жазасының жартысын өтеген, яғни 6 жыл 1 ай 2 күн. Мінез-құлқы үшінші оң дәрежеде. Жасалған қылмыстың қоғамға қаупін түсінген және жасаған ісіне өкінеді", - деп хабарлады Алматы облыстық сотында.
Сот үкімі бойынша 756 269 теңге сомасындағы процессуалдық шығындар ерікті түрде өтелді.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, 2016 жылы 10 маусымда белгілі продюсер, екі баланың анасы Баян Мақсатқызы бірнеше жерден пышақталып, ауыр жарақатпен Талғар ауданындағы ауруханаға түскен болатын. Оны өлтірмек болды деген күдікпен жолдасы Бақытбек Есентаев ұсталып, қамауға алынды.