Батыс Қазақстан облысында пышақ жарақатынан ер адам қаза тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 8 желтоқсан күні сағат 00:30-да Теректі ауданы аумағында кісі өлтіру дерегі ашылды.
Арақ ішу барысында бір-бірімен сөзге келген 32 жастағы тұрғын асүйде 44 жастағы ер адамның іші, арқасы мен кеуде тұсына пышақ салған.
Соның салдарынан ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Қазіргі кезде күдікті уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, бүгін таңмен тағы бір адам өлімі тіркелді.
Екінші оқиға Оралдағы пәтер иелері кооперативінде болды. 64 жастағы ер адам жұмыс орнында көз жұмды. Жедел жәрдем сағат 09.00-де шақырылды.
Ол да жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды.