ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов алдағы мереке күндері халықты індеттен сақ болуға шақырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Құрметті қазақстандықтар! Ұзақ демалыс күндері мен алдағы мерекелердің жақындағанын ескере отырып, сіздерді коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын сақтауға шақырамын. Халық көп жиналатын орындарға бармай, ұжымдық шараны өткізбеу және оған қатыспау керек. Суық тигізіп алудан сақтанған абзал», - деді вице-министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында баспасөз мәслихатында.
Вице-министрдің айтуынша, әр азамат коронавирусқа байланысты өз отбасы мен жақындарына жауапты болуы керек.
Басқа адамдарға жұқтырмас үшін міндетті түрде медициналық маска тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтаған дұрыс.