29 шіл, 2022 сағат 13:31

Бас прокуратура: Қаңтар оқиғасына қатысқан 717 адамға үкім шықты


Қаңтар оқиғасына байланысты "жаппай тәртіпсіздікке қатысу", "ұрлық", "тонау", "қару-жарақ сақтау, қару алып жүру" және өзге баптар бойынша айыпталған 717 адамға үкім шықты. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Бүгінгі күнге дейін оқиғаны тергеу нәтижесі бойынша сотқа 474 қылмыстық іс жіберілді, 717 адам тәртіпсіздікке қатысып, ұрлық, тонау, қару-жарақ сақтау мен алып жүру сияқты қылмыстар үшін сотталды" – делінген ведомство хабарламасында.

Бас прокуратура мәліметінше, жыл басынан бері 1077 адамға қатысты негізсіз қозғалған қылмыстық іс тоқтатылған. Бірақ олардың қаншасы Қаңтар оқиғасына байланысты екені нақтыланбады. Уақытша қамау изоляторынан 512 адам босатылған.