Қаңтар оқиғасына байланысты жалған ақпарат тарату фактісімен 10 қылмыстық іс тергелуде. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі таңда жалған, яғни, «фейк» ақпараттарды тарату деректері анықталуда. Бұл орайда жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертемін. Қазіргі уақытта осындай фактілер бойынша 10 қылмыстық іс тергелуде. Олар бойынша 3 жалған ақпарат таратушы анықталып, оның біреуі қамауға алынды, екеуі үйқамақта отыр. Прокуратура және құқық қорғау органдары қылмыстардың толық тергелуін, заң нормаларының сақталуын қамтамасыз етуде», - деді ол орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.