08 қыр, 2020 сағат 11:42

Бас прокуратура балаларға қатысты жасалатын қылмыстың өсу себебін атады

Елімізде балаларға қатысты жасалатын қылмыс саны 8 пайызға өсті. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Биыл балаларға қатысты жасалатын қылмыстардың саны 8 пайызға өсіп отыр. Оның өзіндік себебі де бар. Мәселен, бір адамға қатысты 18 жасқа толмаған жәбірленушілерге қатысты қылмыс жасағаны үшін 60 қылмыстық іс қозғалған болатын. Бұл да қылмыс санының артуына түрткі болып отыр. Сонымен қатар, біз өткен жылы дәрігерлерге және жабық мекемелердегі, интернаттардағы жыныстық сипаттағы фактілерді жасырғандарға қылмыстық жауапкершілік енгіздік», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. 

Оның атап өтуінше, бұл да балаларға қатысты жасалатын статистиканың артуына себеп саналады. 

«Сондықтан да 8 пайыз өсім болды. Мұның барлығы - эпизодтар. Бірақ зардап шегушілердің саны артқан жоқ. Алдағы уақытта да педофилиямен күрес жұмыстары күшейтілетін болады», - деді Марат Ахметжанов.