10 сәу, 2026 сағат 10:57

“Барахолкадағы текетірес”: 300 кәсіпкер контейнерден кетуден бас тартты


ktk.kz


Алматыдағы барахолкада 300-ден астам кәсіпкер базар аумағын босату талабына қарсы шықты. Саудагерлердің айтуынша, оларға базардың жабылатыны туралы алдын ала ескертілмеген, деп хабарлайды Ult.kz КТК арнасына сілтеме жасап


Оқиға күні таңертең базар қақпасы құлыпталып, кәсіпкерлер ішке кіре алмай қалған. Соның салдарынан көпшілігі өз тауарларын алып шығуға үлгермеген. Қазір аумақта демонтаж жұмыстары жүріп жатқаны туралы хабарландыру ілінген.


Кәсіпкерлер бұл жерде 20 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келгендерін айтады. Олардың сөзінше, аумақта жаңа сауда орталығын салу жоспарланған. Ал сатушыларға көрші базарлардан орын ұсынылған.


Алайда кәсіпкерлер ұсынылған орындардың жалдау ақысы жоғары екенін айтып, көшуге келіспей отыр. Олар контейнерлерін босатудан бас тартып, сотқа жүгінген.


Ал Алматы әкімдігі бұл аумақта сауда заңсыз жүргізілгенін мәлімдеді. Ресми ақпаратқа сәйкес, жалдау мерзімі бірнеше жыл бұрын аяқталған, ал жер телімі мемлекет меншігіне өтіп, абаттандыру үшін берілген.


Қазіргі уақытта тараптар арасында келіссөздер жалғасып жатыр.