08 сәу, 2026 сағат 11:48

Allur және «Қазпошта» АҚ көлік қызметтері мен логистиканы бірлесіп дамытады

Қазақстандық Allur автомобиль компаниясы мен «Қазпошта» АҚ көлік қызметтері және логистика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту туралы Меморандумға қол қойды. Құжатқа Allur Директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев пен «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Бекежан Жакеев қол қойды.

Келісім тасымал тиімділігін арттыруға, көлік инфрақұрылымын дамытуға және автокөлікті басқарудың заманауи технологияларын енгізуге бағытталған. Өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары ретінде пошта және логистикалық қызмет қажеттіліктері үшін автокөлік құралдарын жеткізу, сондай-ақ автопаркті басқарудың озық шешімдерін енгізу айқындалды. Меморандумға қол қою тараптардың стратегиялық серіктестігін бекітеді және Қазақстанның заманауи, тиімді әрі технологиялық көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытуды көздейді.
«Қазпошта» АҚ автопаркті жаңарту бағдарламасын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді, оның ішінде Қостанай қаласындағы Allur зауытында шығарылған автомобильдерді сатып алу арқылы дамытуда.


Ынтымақтастықты одан әрі тереңдету аясында «Қазпошта» АҚ автопаркті қазақстандық өндірістегі автомобильдермен, сондай-ақ брондалған көліктер мен пикаптарды қоса алғанда, мамандандырылған техникамен жаңартуды жалғастыруды жоспарлап отыр. Жеткізілімдерді қаржыландыру «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы лизингтік құралдар негізінде жүзеге асырылады.

«Қазпошта» АҚ жаңа автокөліктердің көмегімен жеткізу сенімділігі мен жылдамдығын арттыруға, сондай-ақ клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсартуды көздейді.