16 қаз, 2024 сағат 11:30

Банктер қазақстандықтардың жеке мәліметтерін сатып жіберген

Фото: Pexels.com

Қазақстандық банктер кейбір клиенттердің жеке мәліметтерін үшінші тұлғаларға беріп жіберген. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов бұл мәліметті растады. 

Оның айтуынша, осындай заң бұзушылықтар орын алғаны үшін банктер жауапкершілікке тартылған.

«Өкінішке орай, мұндай фактілер бар, және біз өткен жылы екінші деңгейлі банктерді осындай әрекеттері үшін жазаладық», – деп мәлімдеді Әбдіқалықов брифингте.


Бұл жағдай бойынша нақты статистика жоқ екенін де атап өтті және азаматтар өздерінің құқықтарын қорғау үшін белсенділік танытып, осындай жағдайлар туралы хабарлауы маңызды екенін айтты.