Almaty.tv
Балқаш гарнизонында жараланған офицердің жағдайы әлі де ауыр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқыс оқиға 30 мамырда болған. Ресми дерек бойынша, сардар қаруды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамаған. Соның салдарынан жараланып, кейін медициналық көмек көрсетілген.
«Қорғаныс министрінің нұсқауы бойынша оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін арнайы комиссия жіберілді. Бұдан өзге ақпарат ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне қарай таратуға жатпайды», – деді Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Руслан Жангулин.