07 жел, 2020 сағат 10:46

Балаларына бас-көз болмаған 57 мың ата-ана жауапқа тартылды

Жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін 700-ден астам кәсіпкер жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы онлайн брифингіде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімі бастығының орынбасары Дилбар Төлегенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімі бастығының орынбасары Дилбар Төлегенованың айтуынша, Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында полиция органдары ішкі істер органдарында есепте тұрған 5000 жасөспіріммен, сондай-ақ 8000-ға жуық жұмыссыз отбасылармен жеке-жеке профилактикалық жұмыс жүргізеді (Бұл отбасыларда 12000-нан астам бала тәрбиеленуде). 

Биыл кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе тұрғын үйден тыс жерлерде заңды өкілдерінің қарауынсыз жүргені үшін 57 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

«Жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүруіне жол бергені үшін 700-ден астам кәсіпкер жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны үшін жыл сайын 40 мыңнан астам ата-ана мен заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Полицияның талабы бойынша сот арқылы жыл сайын мыңға жуық ата-анадан ата-аналық құқықтарфынан айырылады немесе құқықтары шектеледі», - дейді ол.