01 мау, 2022 сағат 15:17

Балалар «Ақорданы» аралап көрді


Нұр-Сұлтанда балалар үшін Ақордаға экскурсия ұйымдастырылды. Бұл туралы БОРТ N1 Telegram арнасында хабарланды.

"Халықаралық балаларды қорғау күні «Ақорда» резиденциясы бүлдіршіндерге есігін айқара ашты. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардың бүлдіршіндері, жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан балалар, оқу озаттары, зияткерлік және шығармашылық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Ақорданы аралап көрді. 

Елордаға еліміздің әр өңірінен 10-14 жас аралығындағы 34 оқушы келді. Балалар Президенттің «Ақорда» резиденциясындағы «Салтанат», «Мәрмәр», «Шығыс» залдарын тамашалады.

Экскурсия соңында балаларға Президент атынан сыйлықтар табысталды", - делінген хабарламада.