© Sputnik / Абзал Калиев
Атырау қалалық білім басқармасы көпбалалы ана түсірген видео бойынша түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде тараған видеода анасы баласын түсіріп тұр. Үстіндегі көйлегі өзінен әлдеқайда үлкен, оны материалдық көмек ретінде берген.
"Міне, бірінші класқа деп берілген жейделері. Бірінші класта оқитын бала мұндайды кие ме? Он оқитын балаға берілген костюм, размерін үлкен қылып берген. Бұл былтырғы, ал бұл балалардың киімі қыркүйектің аяғында келеді", - дейді видео авторы.
Қалалық білім бөлімі 21 Жамбыл атындағы орта мектептің екі оқушысына форма берілгенін растады. Бірақ тиісті өлшем болмаған. Сондықтан анасына қаржылай көмекті күтуге ұсыныс жасалды. Сонда балаларға дәл келетін киімді сатып алуға болады.
"Алайда Венера Нұрмолдина мектеп формаларын өлшемі сай келмесе де өз еркімен алып, қысқартып алатынын айтып, қолхат жазған. Облыстық білім беру басқармасына 21 Жамбыл атындағы орта мектебінің директоры Естай Абайұлынан түсініктеме алынып, ата-аналарға "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде", - дейді мамандар.
Айта кетері, биыл "Мектепке жол" акциясы бойынша көпбалалы, аз қамтылған атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларына қаржылай көмек көрсетіліп жатыр. Акция 2022 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.